2023 жылдың 22 қарашасында Салалық технологиялар, Білім және менеджмент институттарының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1 курс студенттеріне «Құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Нұрболатов Армат Берікұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м Л.А.Климова, «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м Г.Ә.Нұртаза, Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер департаменті жетекшісі Д.С.Төлекбаева қатысты. Кездесу барысында Армат Берікұлы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы, оның себебі мен салдары туралы, қоғамда әрқашан өзекті мәселе болып табылатын алаяқтық қылмысының құрбаны болмаудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар полиция қызметіне қабылданудың талаптары мен іс-қимыл алгоритмдері, ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары туралы толық баяндап өтті, полиция қызметіндегі тергеушілер қызметінің қыр-сырын жан-жақты түсіндіріп, қызмет барысында болатын қиыншылықтар мен оларды шешудің жолдарын да ашып көрсетті. Шара барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.

