2023 ж. 24 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Жерге орналастырудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды жерге орналастыру және кадастр саласындағы жаңа технологияларды пайдалануда, оларды БҚО-да дамыту перспективаларын хабардар ету болып табылады.
Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының кадастр бойынша бас сарапшысы Лаура Мұсатайқызы Митяшина қатысып, «Жерге орналастыру және жер-кадастрлық қызметтердің түрлері» атты баяндама; «ЗемпроектСервис» ЖШС инженер-жерге орналастыру маманы Ғиззатоллина Айсана Айдосқызы – «Жерге орналастыру қызметтерін дайындау және топографиялық түсірілімдерді көшіру» тақырыбына баяндама; «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ БҚО бойынша филиалы Жер кадастры басқармасының техник-жерге орналастырушы маманы Әділгерей Жәңгір – «Жерсеріктік әдістермен геодезиялық өлшеулердің ерекшеліктері» тақырыбына баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, оларға мамандар жан-жақты жауаптар берді.
Дөңгелек үстелдің мақсаттарына қол жеткізілді және жоғары деңгейде өткізілді.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы: «Землемер» ғылыми үйірмесінің жетекшісі – «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м. Қойбағарова Л.Т.

