11.04.24ж. БҚИТУ салалық технологиялар институты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Комплаенс қызметінің бекітілген жоспарына сәйкес, сондай-ақ оқытушылардың көптеген өтініштерін ескере отырып, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР барлық азаматтарын декларациялау бойынша Орал қаласы салық басқармасының бас маманы А.А.Қажымовамен кездесу ұйымдастырды.
Ардақ Алтайқызы өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мақсатында Қазақстан Республикасында декларацияларды кезең-кезеңімен тапсыру жүріп жатқанын атап өтті. Барлығы 13 миллион азамат декларацияны тапсырады. Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары табыс туралы декларация тапсырды. 2023 жылы декларацияны мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін қызметкерлер мен олардың жұбайлары тапсырды. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер туралы декларацияны ЖШС құрылтайшылары, ЖК және олардың жұбайлары барлық басқа азаматтар тапсырады, ал ең үлкен санат – кәмелетке толған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, мемлекеттік емес секторда жұмыс істейтін білім алушылар, зейнеткерлер, жұмыссыздар кіретін 6,4 миллион адам 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер туралы декларацияны тапсырады.
Шетелдегі жылжымайтын мүлік пен көлік, шетелдегі шетелдік банктегі 3,5 млн. теңгеден астам ақша (1000 АЕК), шетелдік компаниядағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар декларациялауға жатады. Цифрлық активтер, үлестік қатысу шарттары (тұрғын ғимараттағы үлесі), инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері және авторлық құқықтар, 34.5 млн.теңге шегінде қолма-қол ақша, басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары, басқа мүлік (қалауы бойынша). Азаматтардың кірістері туралы Декларация қағаз тасығышта 15 шілдеге дейін немесе электрондық тасығыштарда 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс.
А.А.Қажымова оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ СТИ Комплаенс офицері Т.Х.Рахметов қатысушыларға институттың барлық оқу корпустары бойынша осы мәселе бойынша буклеттік ақпаратты орналастыру, кейіннен арнайы қосымшаны алу және осы мәселе бойынша Орал қаласы бойынша салық басқармасымен өзара іс-қимыл орнату туралы хабарлады.

