Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында өткен Ғылым күндері онкүндігі аясында, 11 сәуір 2024ж. Жалпы білім беру пәндер кафедрасы Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысын кездесудің модераторы жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты,профессор Н.М.Қадырғалиев сөз сөйлеп ашып, Қ.Сәтбаевтың қазақстандық ғылымдағы орасан зор маңыздылығын атап өтті.

Химия ғылымдарының докторы, ветеринария және қауіпсіздік техносаласының профессоры В.А.Бурахта геолог-ғалымның қызметінің негізгі кезеңдеріне тоқталып, “Қазақстандық геология атасының” отандық ғылым мен экономика үшін ғылымға қосқан өлшеусіз үлесі туралы, теориялық және практикалық бай мұрасы туралы баяндады.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылар мұнай-газ инженерлігі кафедрасының аға оқытушысы Г.Е.Калешеваның “Орталық Қазақстанның металлогеникалық картасын құрастырудағы Қ.И.Сәтбаевтың рөлі” туралы сөйлеген сөзін қызыға тыңдады. ВТИС-12 тобының студенті Д.Габдуллиннің Қ.Сәтбаевтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіс үшін қосқан үлесі туралы және осы топ студенті Д.Шахмайкиннің “Қ.И.Сәтбаев – Қазақ КСР ҒА-сының бірінші президенті” хабарламалары үлкен әсер қалдырды.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар қазақтың тұңғыш ғалымы, Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларды алғаш ашқан өз халқының нағыз патриоты Қ.И.Сәтбаевтың есімін мәңгілікке есте қалдыру мақсатында Ұлытау облысындағы қалаға Сәтбаев есімінің берілуі туралы, ғалымның құрметіне минералға “Сәтбаевит” атауының берілгені туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге 12 сәуір – Қ.И.Сәтбаевтың туған күні Қазақстанда Ғылым күні болып бекітілгенін де қуанышпен атап өтті.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz