2024 жылғы 2 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының акт залында шахмат және дойбы жарыстары өтті, оған 30-дан астам адам қатысты. Шараны жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушылары Шалаев Б.Б., Ертілеу Қ.М., Утебалиев М.М. ұйымдастырып, жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – студент жастардың шахматқа деген қызығушылығын ояту, ойын дағдыларын жетілдіру, бос уақытты тиімді өткізуге бағыттау және салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл спорт түрлері барша жанға және студенттерге де дұрыс келеді. Шахматта да және шашкада да басқа спорт түрлеріндегідей мінез, талант, ерік күші, төзімділік, дене шымырлығы, шеберлік, спорттық рух – бәрі бірігуі тиіс.

Сондықтан бұл спорт түрлері жарысқа лайықты және негізгі түрге жатады, өйткені орасан зор жүктеме мен жақсы кешенді дайындықты талап етеді.

Қызықты және эмоциялық жарыстардың нәтижесінде орындар төмендегідей бөлінді:

Шахматтан ЮР-11 тобының студенті – Нағашыбай А. бірінші орын алды, екінші орын ОП-22 тобының студенті – Халфаев И., үшінші орын ЮР -11 тобының студенті – Смайлбеков А. иеленді.

Шашкадан бірінші орынды ЮР-11 тобының студенті – Нағашыбай А., екінші орынды Вет-11 тобының студенті – Нұрылбекұлы А., үшінші орынды Вет-11 тобының студенті – Орынбасар Н. иеленді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz