2025 жылғы 6 наурызда ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Орал қаласының №3 ЖОББМ оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл сапардың мақсаты бітіруші сынып оқушыларын кафедраның білім беру бағдарламалары – «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша), «Тамақ өнімдерінің технологиясы мен қауіпсіздігі», «Ветеринария», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандарының кәсіби даярлығымен таныстыру болып табылады.

Мектеп пен жоғарғы оқу орнының арасындағы сауатты құрылған ынтымақтастық жүйесі білім берудің және болашақ мамандарды қалыптастырудың ажырамас тізбегі болып табылады.

Жоғары оқу орны мамандарының кәсіби кеңестері мектеп түлектеріне белгілі бір мамандыққа өз қалауын анықтауға мүмкіндік береді, жеке ерекшеліктеріне сәйкес одан әрі қызмет түрін таңдауға көмектеседі.

Мектептің көптеген түлектері біздің жоғары оқу орнына қызығушылықтарын танытып және біз оларды талапкер ретінде күтеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz