2024 жылғы 29-сәуірде шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында стейкхолдерлермен бірлесіп, 2024-2025 оқу жылына арналған 7М01702–Шетел тілі: екі шетел тілі, 7М01707 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, 6В01702–Шетел тілі: екі шетел тілі, 6В01703–Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, 6В02301–Аударма ісі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту мәселесі бойынша академиялық комитеттің отырысы өтті. ББ талқылауына ПОҚ, студенттер, магистранттар, түлектер, жалпы білім беретін мектептер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысқа мектеп өкілдері ретінде № 40 ЖОББМ директоры А.С. Бакытжанова, № 38 мектеп-лицейінің директоры А.Ж. Суюйнгалиева, «Эстетикалық бағыттағы гимназиясының» педагог-зерттеушісі Е.В. Ким, «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» педагог-модераторы, ағылшын тілі мұғалімдерінің ӘБ басшысы А.Т. Куанышкалиева, № 42 «Ақ ниет» гимназиясының педагог-модераторы Б.Д. Утегенова, «K&K» халықаралық аударма агенттігінің директоры А.В. Карабалина қатысты.
Отырыс барысында кафедраның білім беру бағдарламалары қаралып, ББ кейбір пәндері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Мысалы, 7М01702–Шетел тілі: екі шетел тілі ББ-на келесі пәндерді енгізу ұсынылды: «Шет тілдерін оқытудың коммуникативтік әдістері», «Ғылыми зерттеулер әдістемесі», сондай-ақ 6В02301– Аударма ісі ББ мазмұнына «Аудиовизуалды аударма практикасы», «Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы (тереңдетілген деңгей)» пәндерін енгізу ұсынылды. Стейкхолдерлердің осы және басқа да ұсынымдары бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмысы жалғастырылады және оқу жылының соңына дейін жетілдірілген білім бағдарламалары Тізілімге енгізілетін болады.
