БҚИТУ ректоры Б. Т. Шакешев бастаған университет делегациясы Салалық технологиялар институтының атынан институт директоры Б.А. Билашев және “Сәулет және құрылыс” кафедрасының меңгерушісі К. А. Нариков Ю. А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінде кездесуде болды.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Сапар аясында СМТУ ректоры, профессор С. Ю. Наумовпен кездесу өтті, онда академиялық ұтқырлық мәселелері, ғылыми кеңесшілерді тарту, сондай-ақ екі университет ғалымдарының Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрліктері жариялаған ғылыми жұмыстар (жобалар) конкурстарына бірлесіп қатысуы талқыланды. Кездесуде СМТУ-дағы архитектура және құрылыс бағытындағы магистратура мен аспирантурасында СТИ студенттері мен оқытушыларды оқыту мәселелері талқыланды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.