Жоғары оқу орындары мен арнаулы колледждердің қызметкерлері мен оқытушылары арасында өткен I қалалық спартакиадасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің (БҚИТУ) құрамасы 15 команданың арасынан суырылып шығып, командалық есепте II орынды иеленді!
Спартакиада бағдарламасында спорттың бес түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылды:
- Шағын футбол
- Волейбол
- Садақ ату
- Қол күресі
- Арқан тартыс
Жарыс барысында БҚИТУ құрамасының мүшелері жоғары спорттық дайындықтарын, қайсар мінездерін, ұйымшылдықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Спартакиада қорытындысы бойынша БҚИТУ құрамасы мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
- Қол күресі – командалық есепте I орын.
- Волейбол – II орын.
- Шағын футбол – III орын.
15 команданың арасынан командалық есепте жүлделі II орынға ие болу – университет ұжымының бірлігі мен ынтымағының, табандылығы мен спортқа деген жоғары қызығушылығының айқын дәлелі.
Бұл жетістік университетіміздің спорттық беделін арттырып, салауатты өмір салтын ұстанудың және командалық рухтың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
БҚИТУ құрамасын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Барша қатысушыларға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық амандық және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!






