2024 жылғы 15 мен 26 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялық институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Ақтау қаласының мектептеріне және колледждеріне кәсіптік бағдар беру жұмысың өткізді.
Жұмыс барысында кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қабиболла Кенжеұлы Ақтау қаласы бойынша Ақтау сауда ойын-сауық кешеніне, Ардагер сауда үйіне, темір жол вокзалына және колледждерге жарнама өрмекшісін орналастырды.
Жоғары оқу орнында бүгінгі таңда ең сұранысқа ие 16 мамандық алуға мүмкіндік берілгені атап өтілді. Мектеп және колледж түлектеріне БҚИТУ-да оқудың артықшылықтары, жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы айтып берді. Оқу кезінде студенттер кейіннен тұрақты жұмысқа орналаса алатын кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді. Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, түлектердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.