2024 жылдың 4-қарашасында педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ахтаров Мирхат Жанболатұлы шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттеріне арнап «Effective Teaching and Learning: Key Features of the Updated English Language Programme» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Дәріс барысында шет тілдерін оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерге тоқталды, олардың ішінде интерактивті оқыту, оқушыларды сөйлеу дағдыларын дамытуға ынталандыру әдістері және ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшеліктері қарастырылды.
Дәріс басында қатысушыларға шет тілін үйретуде қолданылатын жаңартылған бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылды. Әсіресе, коммуникативті оқыту, CLIL (Content and Language Integrated Learning) әдісі мен жоба арқылы оқытудың тиімділігі көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер шағын топтарда жұмыс істеп, ағылшын тіліндегі практикалық тапсырмаларды орындады, мысалы, тақырыптық дискуссияларды ұйымдастырып, «Critical Thinking» әдісі арқылы кейс-талдау жасады.
Дәріс соңында қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, әдіс-тәсілдерді өз тәжірибелерінде қалай қолданатынын талқылады. Кері байланыс барысында қатысушылар ұсынылған әдістердің өзектілігін атап өтті. Олардың көпшілігі интерактивті тапсырмалардың тиімділігін жоғары бағалап, оларды оқу үрдісінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.
Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жаңа әдіс-тәсілдер туралы тереңірек білім алып қана қоймай, оларды шынайы тәжірибеде қолдану үшін қажетті дағдыларды меңгерді. Кері байланыс «Open Feedback» әдісімен өтті, нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі дәрістің мазмұнды және шабыттандыратын болғанын атап өтті.


