2024 жылғы 5 қарашада MAZAICO Психология және әйелдерді дамыту орталығының басшысы Мазалиева Айжан 7М01101″Педагогика және психология”, 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В03101″Психология” білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен “Жеке кеңес берудегі жағдай және терапияда альянс құру” тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара практикалық сабақ форматында өткізілді. Онда психологиялық консультацияларда қолданылатын жағдайлар, жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірілген. Бұл іс-шара білім алушыларға қиын өмірлік жағдайларда терапия процесінің негізгі стратегияларымен танысуға мүмкіндік берді. Магистранттар мен студенттер теориялық және практикалық білім алып қана қоймай, психологиялық кеңес беру мен терапия процесін тереңірек зерттеуге ынталандырылды.

