Күміс университет егде жастағы адамдардың қазіргі өмірге, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге сәтті бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасайтын, үздіксіз білім беруді жүзеге асырудың бір бағыты саналатын халықаралық қозғалыс болып табылады. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында 2023-2024 оқу жылынан бастап осы бағыттағы бірнеше курс ашылып, жұмыс істеп келеді. Биылғы оқу жылының 15 қазанынан бастап Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастырумен осы үрдіс жалғасын табуда. Өтініш білдірген тыңдаушылар саны былтырғы оқу жылына қарағанда артып отыр. Атап айтсақ, «Саяхаттауға арналған ағылшын тілі» курсына – 17, «Нейробика – миға арналған гимнастика» курсына – 13 тыңдаушы өтініш білдіріп, оқуға қабылданды. Сабақтар алдын ала жасалған кесте бойынша аптасына екі рет өтеді. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі.
