2024 жылғы 12 сәуірде қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. Қ.А. Ихсанов және аға оқытушы Г.Е. Калешева 6В07201-Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының НД-22О тобының білім алушыларымен бинарлық сабақ өткізді.

Бинарлық сабақ – пәндерді интеграциялау және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру формаларының бірі болып табылады.

Бинарлық сабақтың негізгі мақсаты – жинақталған білімді жүйелеу және жалпылау, зерттелетін материалды тұтас қабылдауды қалыптастыру. Сабақтың бастапқы бөлігінде аға оқытушы Г.Е. Калешева жүргізді. Студенттер тау жыныстарының үлгілерін зерттеп, тау жыныстарының сүзу-сыйымдылық қасиеттерін анықтады. Ұңғыма өнімдерін өндіру әдістерімен және қабаттық жағдайларда және ұңғыма оқпанында сұйықтықтың қозғалысымен танысты.

Сабақтың екінші бөлігінде Қ.А. Ихсанов жүргізді, онда студенттер ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау жүйесімен, мұнай-газ сепараторларының жұмыс принциптерімен танысты.

Көпшілік жағдайда бірсарынды өтетін сабақтар – бинарлық сабақпен ауыстырылғанда қызықты әрі белсенді болады, сабақ барысында әрбір студент белсенділік танытады. Сонымен қатар, бинарлық сабақтар үлкен тәрбиелік әлеуетке ие, пәндер мен әлемнің тұтастығына деген сенімділікті қалыптастырады, бір мәселені шешу үшін әртүрлі салалардағы білімді біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл сабақтар білім алушылардың ойлауын жандандыруға, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz