2026 жылғы 09 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Сәулет және құрылыс» кафедрасының білім алушылары, атап айтқанда 6В07302 – Құрылыс білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына ашық есік күніне арналған іс-шараға қатысты.

Сапардың мақсаты – мемлекеттік органның қызметімен танысу, сондай-ақ сәулет-құрылыс бақылау саласы бойынша кәсіби білімдерін кеңейту болды.

Кездесу барысында басқарма мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттерге органның негізгі функциялары мен міндеттері, сондай-ақ құрылыс саласындағы мемлекеттік бақылаудың маңызы туралы ақпарат берді.

Осындай іс-шаралар студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға, болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.