Батыс Қазақстан облысында Республикалық студенттік спорт лигасының Батыс аймақтық іріктеуі кезеңі басталды.
Ауқымды спорттық шара өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірлесуімен ұйымдастырылып, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.
Биылғы додаға Батыс аймақтан 10 жоғары оқу орнының командалары қатысуда.
Бұл – тек жарыс емес, студент жастардын басын қосатын, достық, пен ынтымақтастықты нығайтатын ерекше алаң.
Лиганың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, студенттік спортты дамыту және талантты спортшыларды анықтау. Әр қатысушы үшін бұл – өз мүмкіндігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және жаңа белестерді бағындыруға берілген мүмкіндік.
Спорт – бұл мінез, тәртіп және өзәәіңдң дамыту жолы.
Жас спортшыларға сәттілік тілейміз! Жеңіс пен жарқын эмоциялар сері болсын!



