2026 жылғы 2-9 сәуір аралығында БҚИТУ-дың Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының студенттері «Al Start up» студенттік стартап-жобалар байқауына қатысып, жоғары дайындық деңгейін, бастамашылдығын және инновациялық қызметке деген ұмтылысын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша 3 курс студенттері Бекташев Алишер мен Насипкереев Есенбек (ВЕТ-32О тобы) университет намысын лайықты қорғап, құрметті 2-орынды иеленді. Ұсынған жобалары өзектілігімен, практикалық маңыздылығымен және енгізу мүмкіндіктерімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Ғылыми жетекшілік жасаған – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Е.У. және ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кейкиева К.К. Олардың кәсіби қолдауы мен жетекшілігі жоғары нәтижеге қол жеткізуде маңызды рөл атқарды.
Қол жеткізген жетістіктері үшін жүлдегерлер Салалық технологиялар институты басшылығы тарапынан дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа ғылыми табыстарға, тың жобаларды сәтті жүзеге асыруға және кәсіби биіктерді бағындыруға тілектеспіз!

