2025 жылы 13 ақпанда 6В07501 «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) ББ 3 курс және 6B07205- «Технология және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» ББ 1 курс білім алушылары үшін БҚИТУ СТИ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан филиалында тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізілді.

Тәжірибеге бағдарланған оқыту-бұл оқытудың бір түрі, оның басты мақсаты білім алушыларда бүгінгі таңда жұмыс берушілер талап ететін практикалық қызметтің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, сондай-ақ алынған құзыреттердің практикада не үшін қолданылатынын түсіну болып табылады.

Тамақ қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі Ләззат Жанайдарқызы Тлеуова білім алушыларға «Тамақ өнімдерінің сапасын бағалау әдістері» тақырыбында тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізді. Білім алушылармен ауыл шаруашылығы өнімін сертификаттау сынақтарын орындау процесінде туындайтын мәселелер талқыланды, ұлттық және халықаралық стандарттарды қолдану проблемаларын шешу ұсынылды.

Ләззат Жанайдарқызы мен зертхана қызметкерлеріне ЖОО-ның білім беру процесіне қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz