Бүгінгі таңда дұрыс мамандық таңдау – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.

Осыған орай, 2025 жылдың 13 ақпан күні салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімі мамандары А.Е. Танжарикова, А.Т. Махамбетова қалалық №1 ЖОББМ, №37 ЖОББМ, Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы, Б. Момышұлы атындағы №46 ЖОББМ, «Кешкі мектеп» КММ түлектерімен кездесіп, жоғары білім алудың мүмкіндіктері жайлы әңгіме өрбітті.

Оқушылар университеттің заманауи зертханалары, тәжірибелік сабақтардың өткізілуі және өндірістік тәжірибе мүмкіндіктері туралы білді.

Сонымен қатар, мамандар ҰБТ-ға дайындық, грантқа түсу шарттары және стипендия алу мүмкіндіктері жайлы түсіндірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz