Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының PR0013- Педагогтік қайта даярлау курсының тыңдаушылары 04.11.2024-14.02.2025 аралығында өздеріне бекітілген қала мектептерінде педагогикалық практикадан өтті. Аталған практика педагогтік білімі жоқ, болашақта педагог боламын деп деген тыңдаушылар үшін өте маңызды болып саналады. Практика барысында олар теориялық білімдерін тәжірибемен ұшастыра отырып, мектепте сабақ берудің әдістемесін меңгереді. 2025 жылдың 20 ақпанында ұйымдастырылған педагогикалық практиканың қорытынды конференциясында тыңдаушылар практика барысында алған білімдерін, тәжірибелерін жан-жақты талдап, өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру жолындағы қадамдарын көрсетті. Практика жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті траекториясы бойынша ф.ғ.к., қауымдастырылған, профессор Бекмашева А.Н., информатика траекториясы бойынша PhD, қауымдастырылған профессор Арыстанова А.Б., шет тілі: екі шет тілі траекториясы бойынша аға оқытушы Макашева Ф.Н. тыңдаушылардың педагогикалық практика кезінде атқарған жұмыстарына оң бағаларын берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz