2025 жылғы 20 ақпанда Саратов мемлекеттік заң академиясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің өкілдері онлайн кездесу өткізілді, кездесуде ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қою мәселелерін талқылады.

Кездесуде СМЗА-ның цифрлық трансформация және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры А.И.Пермяков академияны дамыған материалдық-техникалық базасымен қамтылған, мықты педагогикалық құрамы және ғылыми-зерттеу орталығы, жұмыс берушілердің, заңгер-ғалымдардың және практик заңгерлердің кәсіби қоғамдастығында танылған үлкен ғылыми-білім беру орталығы бар екендігін баяндады.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры И.Н. Жұбантаев

университетіміз білім беру, бизнес және құқық, инженерия, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлауда көп жылдық тәжірибесі бар Қазақстанның ірі көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі екендігін сипаттады.

Кездесуде тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жобалау және оқытушылар мен білім алушылардың онлайн форматта академиялық алмасуы, студенттер үшін семестрлік тағылымдамаларды ұйымдастыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру және тренингтер, қашықтықтан оқыту курстары арқылы кәсіби сертификаттау мүмкіндіктері, бірлескен онлайн-дәрістер мен семинарлар үшін білім беру платформасын пайдалану, инновациялық әдістемелермен алмасу сияқты мәселелерді кең талқылады, электронды кітапханаға қол жеткізу және оқулықтар басылымындағы ынтымақтастық. Ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық: ЖОО аралық ғылыми жобалар, журналдардағы жарияланымдар, конференциялар мен форумдарға қатысу келіссөздердің маңыздылығы болды.

Қорытындылай келе, БҚИТУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры И. Н. Жұбантаев кездесу екі оқу орнына да пайда әкелетін және біздің елдеріміздің кеңірек білім беру мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосатын жоғары әріптестік үшін негіз болады, біз өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық пен   өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделіміз және бірлескен зерттеу жобалары, студенттер мен оқытушыларды алмасу бағдарламалары және академиялық ынтымақтастықтың басқа да нысандары үшін негіз болатын ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімін бастауға дайындығын білдірді. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.