2025 жылғы 20-ақпан күні шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында «Снежные искры поэзии» атты әдеби байқауы өтті. Байқауға № 10,43,36,18,47 мектеп командалары қатысты. Білім және менеджмент институтының директоры, т.ғ.к., профессор А.С.Тасмағамбетов кіріспе сөз сөйледі.
Байқау үш кезеңнен тұрды.
1-кезең: оқырмандар конкурсы.
2 кезең: «Этот мир очарований, этот мир из серебра» викторинасы.
3 кезең: «Быть или не быть классической поэзий в ХХI веке».
Байқауды өткізу кезінде кезеңдер арасында, қысқы пейзаж аясында Н. Носковтың орындауындағы Б. Пастернактың «Никого не будет в доме», «Свеча горела на столе» өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. Сондай-ақ, «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының студенті Отт Юстинаның орындауында Олег Митяевтің «Как здорово, что все мы здесь сегодня собрались».
А.А. Абдульманов, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор оқушыларды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен таныстырып, экскурсия өткізді. Оқушыларға заманауи талаптарға сәйкес келетін сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып берді, сондай-ақ бакалавриат және магистратура институтының білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді.
Әдеби байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды М.Б.Ихсанов атындағы № 36 жалпы білім беретін мектептің командасы, 2-орынды № 43 жалпы білім беретін мектеп, 3-орынды Қадыр Мырза Әли атындағы № 47 жалпы білім беретін мектеп иеленді. Жүлдегерлер мен белсенді қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен, кітаптармен марапатталды.



