2026 жылғы 20 ақпанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламалары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары үшін «Қос дипломды білім бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп өткізілді. Іс-шара академиялық саясатты жетілдіру, халықаралық білім беру кеңістігіне интеграцияны кеңейту және білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды.

Воркшоп аясында бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Машанова С.А. қос дипломды білім беру бағдарламаларының анықтамасы, негізгі модельдері және нормативтік қамтамасыз етілу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Салалық технологиялар институтының оқу-әдістемелік бөлім жетекшісі Калниязова А.И. қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдері, ішкі регламенттерді өзектендіру тетіктері және оларды практикалық іске асыру тәжірибесін таныстырды.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің интернационализация және инфрақұрылымды дамыту проректоры Сагындыкова Жайлагуль Ораловна онлайн форматта аталған университеттің қос дипломды білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Баяндамашы бағдарламаларды тиімді ұйымдастырудың тетіктерін, серіктес жоғары оқу орындарымен өзара байланыс орнату ерекшеліктерін атап өтті.

Воркшоп барысында қатысушылар өзара белсенді пікір алмасып, қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеу барысында туындайтын мәселелерді талқылады және ұсынылған тапсырмаларды орындады. Іс-шара аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Аталған воркшоп университетте білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде дамытуға, академиялық ортаны нығайтуға және білім беру үдерісінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz