Құқық кафедрасында 2026 жылдың 17-19 ақпанында 6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылар арасында жыл сайынғы пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Пәндік олимпиадаға «Жас криминалист» ғылыми студенттік қоғам үйірмесінің 50 мүшесінің 27 білім алушысы  қатысты. 6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламасы бойынша олимпиада 2 турдан тұрады. 1 турға 27 білім алушы қатысты, 1 тур тест тапсырмаларын іріктеу нәтижесінде 12 білім алушы 2 тур жарысына өтті.

2 тур жарысында ситуациялық жағдайларды талдау  нәтижесінің балл сандарына сәйкес 5 студент жүлделі орынға ие болды, олар: 1 орын – Нағашыбайқызы Ақмоншақ ЮР-35О қазақ бөлімі,  1 орын – Донцова Марья ЮР-32О  орыс бөлімі тобының білім алушысы, 2 – орын Жарасқалиқызы Дильназ ЮР-31О қазақ бөлімі , Амандыққызы Айнара ЮР-32О  орыс бөлімі тобының білім алушысы және  3 орын – Кулкаев Бекжан ЮР-31О тобының білім алушысы. Жүлделі орын алған білім алушылар « Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінде» өтетін арасында жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға жолдама алады. Оларға сәттілік тілейміз және жүлделі орындарға ие болатынына сенімдіміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz