2022 жылдың 7 сәуірінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында студент жастармен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесуі өтті. Бұл шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері қатысты.
Төраға Орталық сайлау комиссиясының жұмыстарын түсіндіру мақсатында республиканың барлық өңірлеріне жұмыс сапарымен шыққандығын атап өтіп, сайлаушылардың 36% құрайтын жастар ел ертеңі екендігіне тоқталды. Мұның барлығы Жаңа Қазақстан құрудағы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отырған кездесулер екендігін атап өтті.
Кездесу барысында жастар электрондық дауыс беруді енгізу, әкім лауазымына кандидат болып отырғандар арасында міндетті түрде пікір сайыстар өткізу, сондай-ақ жастар арасында сайлау мәдениетін арттыру сияқты бірқатар ұсыныстарды алға таратты. Сонымен қатар жастар өкілдері бүгінгі Интернет ғасырында саяси партиялар «Facebook» және «Instagram» сияқты әлеуметтік желілерде, әсіресе сайлау кезеңінде белсенді болуы керек деген пікір білдірді, өйткені жастар үшін әлеуметтік желілер негізгі ақпарат көзіне айналып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердің жастарға контент ұсыну бойынша көбірек мүмкіндіктері бар екендігі де айтылды.

Кездесу соңында ОСК Төрағасы өңір жастарына ашық, мазмұнды және тартымды диалог үшін алғысын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz