2022 жылдың 8 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Есеп және қаржы» кафедрасы және Самар Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Экономика және экономикалық қауіпсіздік» кафедрасы БҚИТУ және СМӘПУ ынтымақтастығы туралы келісім аясында “Қазіргі жағдайда кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы” атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел модераторі – экономика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ “Есеп және қаржы” кафедрасының доценті Суханбердина Бибігүл Батыркайырқызы шараның маңыздылығын атап өтіп, екі тарапқа сөз берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар жұмысына сәттілік айтушы БҚИТУ, Тілдер және менеджмент факультеті деканының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Уразова Бакит Адилгереевна болса, екінші тараптан СМӘПУ Экономика және экономикалық қауіпсіздік кафедрасы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Грабоздин Юрий Павлович сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысындағы баяндамашылар: Шакуров Ильяс Гумерович экономика ғылымдарының докторы, СМӘПУ Экономика және экономикалық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, Бадеева Зульфия Мадиевна Атамекен ҰКП бизнес-тренері, Сахчинская Наталья Сергеевна экономика ғылымдарының докторы, СМӘПУ Экономика және экономикалық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, Ислямов Руслан Сейлханович экономика ғылымдарының магистрі, Есеп және қаржы кафедрасының БҚИТУ-нің аға оқытушысы, Барсукова Оксана Владимировна” Страмоусов М. А.” ЖК бас бухгалтері, Орлова Юлия Сергеевна “МДО-сервис. Kz “ЖШС бухгалтер-кассирі, Махсетова Айнура Қадирбайқызы “Банк ВТБ (Қазақстан)” АҚ ЕҰ Ақтау қ. филиалының тікелей сатылымдардың бас менеджері.
Сондай-ақ, шарада Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының желісі бойынша гранттар мен жеңілдетілген несиелер алған Батыс Қазақстан облысының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлері ұсынған роликтер көрсетілді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және әлемде қазіргі жағдайда кәсіпкерлікті дамытудың ерекшеліктері мен стратегияларын талқылады. Дөңгелек үстелді экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Суханбердина Бибігүл Батыркайырқызы қорытындылады.