Сәуір айының 08 күні Инженерлік-гуманитарлық факультетінде құрылтайшылар Қазыбай Қарайұлы Бозымов, академик, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры және Айгүл Қазыбайқызы Бозымова, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры қатысуымен факультет білімалушыларымен жиналыс өтті. Кездесуге факультет әкімшілігі, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, кафедра меңгерушілері, кафедра меңгерушілерінің орынбасарлары, топтардың эдвайзерлері, сонымен қатар Б.Т. Шакешев, т. ғ. к., БҚИТУ бірінші проректоры-оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры қатысты.
Кездесу алдында студенттер Қ.Қ. Бозымов туралы өзінің жарқын тұлға, көрнекті ғалым, жоғары оқу орнының табысты жетекшісі, отандық жоғары білім берудің танымал ұйымдастырушысы ретінде қалыптасуы туралы баяндайтын деректі фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Өз сөзінде Қазыбай Қараұлы студенттерге алға мақсат қойып, оған жету, бәсекеге қабілетті, еліне пайдалы болу жөнінде кеңес берді. Ол үздіксіз жеке өзін-өзі дамыту мен оқытудың, сұранысқа ие маман болу үшін өз білімін, іскерлігін, дағдыларын, кәсіби құзыреттілігін кеңейту бойынша тұрақты жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Қ. Қ. Бозымов студенттермен нақты азаматтық және адамгершілік ұстанымдардың, дұрыс өмірлік ұстанымның маңыздылығы туралы айтты. Олардың негізінде қазақстандық патриотизм, әлеуметтік жауапкершілік, жоғары адамгершілік қасиеттер, өзін-өзі тәрбиелеуге негізделген. Өйткені дәл осындай білімді, патриот жастар бәсекеге қабілетті мемлекет құрып, зияткер ұлт құра алады.


Сондай-ақ, Қазыбай Қараұлы Бозымов білімалушылардың кадрларды сапалы даярлауға, факультеттің даму перспективаларына, практикалық кәсіби даярлауға, студенттерді әлеуметтік қолдауға және т. б. қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.
Жиналыста деканат өкілдері, факультеттің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері сөз сөйлеп, студенттердің оқу үдерісін ұйымдастыру, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары, АКТ енгізу, кафедра зертханаларын дамыту, тәрбие жұмысын жүргізу және т. б. бойынша сұрақтарына жауап берді.
Қорытындылай келе Инженерлік-гуманитарлық факультетінің студенттік өзін-өзі басқару өкілдері құрылтайшы Қ.Қ. Бозымов пен А. Қ. Бозымоваға, факультет әкімшілігіне қызықты және пайдалы әңгіме өткізгені, сұрақтарға толық жауап бергені, студенттік бастамаларға белсенді қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыстарын білдірді.
Студентке бағытталған оқытуды жүзеге асыру аясында, біздің басты стейкхолдерлер ретінде тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында білімалушылармен кездесулер Инженерлік –гуманитарлық факультетінде тұрақты түрде өткізілетін болады.
А. М. Мукаева, Академиялық қызмет департаментінің жетекшісі