2025 жылдың 25-қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының ұйымдастыруымен «Оқушылардың кәсіби бағытын айқындау: заманауи тәсілдері мен тиімді тәжірибелер» тақырыбында Орал қаласы мектептерінің педагог-кәсіби бағдар берушілеріне арналған семинар өтті. Шараға 44 мектептің педагогтары қатысты.

Кездесу барысында қонақтарға болашақта оқушылар мамандықты таңдауда базалық әдістемелері, оқушылардың қабілетін ашу, кәсіби бағдар беруде жасанды интеллект модульдері, Ұлттық бірыңғай тестілеу және мемлекеттік грантқа құжаттар тапсыру ерекшеліктері бойынша әдістемелік ақпарат берілді.

Шараның екінші бөлігінде институттың кафедралары кәсіби бағдар беру мамандарына білім беру бағдарламалары бойынша арнайы кабинеттерде презентациялар жасады. Семинар соңында келген қонақтар алғыс хаттармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz