24 қараша күні Қаржы және экономика кафедрасының «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» білім бағдарламалары бойынша жұмыс беруші стейкхолдерлармен байланысты нығайту мақсатында Орал қаласы әкімінің аппаратының басшысы Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Тұрмағамбетовпен Орал қаласы Деркөл кенті әкімшілігінде кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде жастар ортасында патриоттық көзқарастарды және мемлекеттік қызмет атқару ерекшеліктерін танымал ету бағытында әңгіме қозғалды. Деркул кенті әкімі Жумагалиев Ж.Т. кездесу барысында мемлекеттік қызмет атқарудың ерекшеліктері, әдеп нормаларын сақтау, адалдық пен ашықтық қағидаттары туралы сөз қозғап, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Студенттер белсенді түрде шараға қатысып, сұрақтарына нақты жауап алды.

