2023 жылдың 31 наурызында сағат 17.00-де БҚО ПД ТБ тергеушісі, полиция майоры Куспанова Айнур Қанатовна 6В04202 Құқықтану және 6В042023 Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламалары білім алушыларына «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңын қолдану тәртібі тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріскер Заңның негізгі терминдерін ашып, жәбірленушілерге өтемақы төлеудің негізгі принциптерін атап өтті, Жәбірленушілерге өтемақы төлеу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді және Жәбірленушілерге өтемақы қорын қалыптастыру көздері мәселесіне тоқталды. Дәріс соңында студенттер тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойып, осы дәріске қызығушылық танытты.