20 наурызда «Ақсуат» ЖШС шақыруымен «ЭАжәнеЕТ» кафедрасының оқытушылары: PhD докторы, қауымдастырылған профессор В.П.Захаров және т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Л.А.Садықова мал шаруашылығы саласында өз қызметін жүзеге асыратын әлеуетті клиенттердің, ауыл шаруашылығы мамандарының қатысуымен семинар-көрмеге қатысты. Семинарға қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы жаңа технологиялармен таныстырылды, фермерлер тәжірибе алмасуға, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі және жан-жақты талқылауға үлкен мүмкіндік алды.
Кафедра оқытушылары электр қоршауының макетімен таныстырып өтті, АӨК өңірін дамыту мақсатында университетте жүргізілетін зерттеулер саласындағы кафедраның қызметі туралы жарнамалық баннер көрсетілді. Л.А.Садықованың электр қоршауын тиімді пайдалану туралы презентациясы үлкен қызығушылық тудырды. Кәсіпкерлер, яғни «Новопавловка» ШҚ – В.В.Нагурный, «Аманжол» ШҚ – А.А.Амангелді, «Құмаксай» ШҚ – А.С.Жиенбаев, «Буранбаев» ШҚ – М.Н.Буранбаев сияқты ферма басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.
Семинар жоғары, кәсіби деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға, «Ақсуат» ЖШС командасына рахмет.