Инженерлік-гуманитарлық факультетінде 31 наурыз 2023 жылы Мұнай-газ ісі кафедрасында 6В07201 / 7М07201 – “Мұнай-газ ісі” білім алушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру мақсатында “Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар дайындау” бағытындағы ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарды  мұнай-газ ісі кафедрасының меңгерушісі Самал Закиқызы бастап, ғылыми бағытты түсіндіріп, сөз кезегін кәсіби сертификаттау және инжениринг жетекшісі Кайырбек Айтжановичке берілді: ғылыми мақала жазу маңыздылығын, сонымен қатар ғылыммен айналысатын білім алушылар “Kazenergy” бірлестік ұйымының  және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын ұтып алуға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Кафедра аға оқытушысы Ербұлан Самиголлаұлы студенттік кезде “Kazenergy” бірлестік ұйымымен  «Шеврон» компаниясының Сафи Утебаев атыңдағы шәкіртақысын ұтып алғанын, осы бағдарламаларды жеңіп алу үшін қандай талаптарды ескеру керегін және қандай ерекшеліктері бар екенін айтып өтті.

Мысалы, білім грантын немесе шәкіртақысын иелену үшін білім алушыларға: ең бірінші керек критерии ол жақсы оқу үлгерімі, екінші критерии ғылыми жобаларға, спорттық – тәрбиелік шараларға белсенді қатысқаны жәнеде әлеуметтік отбасылық жағдайы болып табылатынын ескертіп айтты. Болашақта профессор-оқытушылық құрамы білім алушыларға білім грантына, шәкіртақыға  кеңес беруде көмектесетіндігін білдірді.

Бұл семинардың маңыздылығы білім алушылардың ғылымға деген қызығушылықтары арттырылып, осымен қатар білім грантын және де шәкіртақы ұтып алуға деген құштарлықтары өсіп,  өзін-өзі кәсіби деңгейде танытуға ынталандырады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz