2024 жылдың 19-желтоқсанында Орал қ, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, дене шынықтыру және спорт магистрі Исмагулов Асылан Алибекұлы және Батырова Гульнара Букенбаевна “Дене мәдениеті және информатика” кафедрасында Lesson Study әдісіне-білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсіліне арналған шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты мұғалімдерді сабақты оқытудың балама принциптерімен таныстыру және оның оқыту сапасы мен мұғалімдердің кәсіби өсуін арттырудағы тиімділігін көрсету болды.
Теориялық бөлімде қатысушылар сабақты жоспарлау, оны бақылау, нәтижелерді талдау, нәтижелер және ұсыныстар әзірлеу секілді сабақты зерттеудің негізгі принциптерінен үйреніп, ал практикалық бөлімде Lesson Study форматында жеке сабақ жоспарларын құрды, яғни командада жұмыс істеп, педагогикалық жағдайларды модельдеу және оларды жүзеге асыру тәсілдерін талқылады.


