2024 жылдың 18-20-шы желтоқсаны аралығында Астана қаласында «Жас көшбасшылар платформасы» жобасы аясындағы басқосу өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның 20 аймағынан келген 150 студент жастың басын қосты.

Аталмыш шараға университетімізден «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, «Жастар рухы» жастар қанатының университетіміздегі бөлімше жетекшісі Есенқосов Майрамбай қатысты.  Шараның негізгі мақсаты – болашақ көшбасшыларды анықтау, оларды қолдау және көшбасшылық дағдыларын дамыту. Бағдарлама барысында қатысушылар тәжірибелі тренерлер мен танымал тұлғалардан дәрістер тыңдап, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz