2024 жылдың 19 желтоқсанда 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру», 6В07101 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және 6В07101 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламалары бойынша көлік және технологиялар кафедрасында оқытуда қолданылған әдістерді талқылау және оқыту сапасын жақсарту мақсатында «Білім берудегі оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқуды жандандыру және білім алушылардың үлгерімін арттыру, қашықтықтан оқыту шеңберіндегі білім беру платформаларының тиімділігі, оқу сабақтарын бақылау мазмұны мен әдістемесі, ашық және интерактивті сабақтарды өткізу әдістемесі мәселелерін талқылады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz