2023 жылғы 13 желтоқсанда құқық кафедрасының жұмыс жоспары бойынша, “Криминалистикалық зертхана” кабинетінде, “Криминалистика” пәні бойынша практикалық білімді игеру мақсатында “Құқықтану”, “Сот-прокурорлық қызметі”, “Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу” білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылармен БҚО бойынша полиция департаментінің криминалистика саласының ардагері Е.К.Жұмангалиевпен тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізілді.

Кездесуде студенттер Ерболат Кибаттуловичтің өмірбаянымен және жұмыс тәжірибесімен танысты, ол күндізгі бөлімде 1995 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Волгоград жоғары тергеу мектебінің сараптамалық – криминалистикалық факультетін бітірген.

Ішкі істер органдарында 28 жыл қызмет етті, оның 18-і курсанттан полиция подполковнигіне дейінгі жолдан өтіп, сараптамалық-криминалистикалық қызметте болды. Соңғы 14 жылда Орал қаласының ІІО сараптамалық-криминалистикалық бөлімшесін басқарды. Келесі криминалистикалық сараптамаларды – дактилоскопиялық, баллистикалық, қолжазбалық, құжаттарға техникалық зерттеу, портреттік, өрт-техникалық және суық қаруға сараптама жүргізуге 7 рұқсат қағазын алған. Ол алған теориялық білімін практикада сәтті қолданды.

2001 жылдың қорытындысы бойынша “ҚР ІІМ үздік криминалисті” атанды және арнайы дипломмен марапатталды.

Сабақта қызмет ардагері студенттерге “Криминалистика” пәнін оқудың маңыздылығы және алған білімдерін практикалық қолдану туралы егжей-тегжейлі айтып берді .Өзінің тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді, онда оның ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып, оқиға орнынан қылмыс іздерін табу және алып тастау бойынша сарапшы-криминалист ретіндегі жұмысы бірқатар айқын емес ауыр және резонанстық қылмыстарды, соның ішінде кісі өлтіру, қарақшылық шабуылдар, пәтер ұрлығын ашуға ықпал етті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz