2023 жылғы 13 желтоқсанда «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі С.Г. Умерешова жаңа интерактивті оқыту технологияларын қолдана отырып, Арх-41О тобында «Бір қабатты өндірістік және азаматтық ғимараттардың сәулеттік құрылымы» тақырыбында «Сәулет құрылымдары және құрастыру теориясы» пәні бойынша практикалық ашық сабақ өткізді. Ашық практикалық сабақтың ерекшелігі оқытудың инновациялық әдістерін қолданып, «LearningApps», «Canva» сияқты бағдарламаларды қолдану болды, оның көмегімен оқытушы студенттерді бағалау мақсатында түрлі тапсырмалар карталар мен тесттер дайындады.

