Құрметті университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері!
Сіздерді басты мемлекеттік мереке – Отанымыздың Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан халқының өмірінде тарихи оқиға болды – “Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы” Заң қабылданды. Қазақстан өзінің жаңа тарихын “Тәуелсіз мемлекет” деп жариялаудан бастады.
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.
Қазір мемлекетіміздің тәуелсіздігінің жаңа кезеңі – жаңа Қазақстанның құрылуы басталды. Біздің алдымызда тәуелсіз мемлекетімізді кемел келешекке бастайтын білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау және рухы биік, намысы берік, бостандық пен еркіндіктің қадірін ұғынатын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу сынды аса маңызды міндет тұр.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілеймін!
Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізе берейік!
Құрметпен, университет ректоры Б.Т. Шәкешов.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz