2025 жылғы 26 наурызда Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», «Электроэнергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының эдвайзерлері мен білім алушылары «Атамекен» көрме залында Нуртай Жардемовтың жеке көрмесін қызығушылықпен тамашалады. Олар ұсынылған жұмыстарды белсенді түрде талқылап, суретшінің терең философиялық астары мен бірегей стилін атап өтті. Кейбір көркем шығармалар оларды қазіргі технологиялардың қоғам мен жеке тұлғаға әсері туралы ойлануға мәжбүр етті. Көрмеге бару олардың өнер туралы түсініктерін кеңейтіп, әрі қарай ойлануға ынталандырған құнды тәжірибе болды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz