2023 жылғы 29 сәуірде Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының көшпелі жиналысы аясында БҚИТУ ИГФ ветеринария және биотехнология ғылыми-өндірістік орталығына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Жеке жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ректорлары келді.
Ветеринария және биотехнология ғылыми-өндірістік орталығы заманауи аспаптар және құралдармен жабдықталған, ауыл шаруашылығы, ветеринария, ет және сүт өнімдерін өңдеу технологиялары саласындағы басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған. Ветеринария және биотехнология ҒЗО базасында университет ғалымдары Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім беруді дамыту, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларында көрсетілген ұлттық саясаттың басым бағыттарына сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.
Кездесу барысында Министр мен қонақтар ветеринария саласындағы ғалымдар: ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың әртүрлі патологияларын диагностикалау және алдын алу, және де ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту патологияларының биотехнологиясы мен алдын алу ғылыми бағдарламалар мен жобаларының нәтижелері және перспективаларымен танысты.
Сонымен қатар: ветеринариялық-санитариялық сараптама; фармакология және токсикология; микробиология және иммунология; хирургия және акушерлік; ветеринариялық клиниканың жануарларына ветеринариялық ауруларды диспансерлеу сабақтарының зертханалардағы оқу-тәжірибелік жұмыстары көрсетілді.


