Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының көшпелі жиналысы аясында 2023 жылғы 29 сәуірде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде болып, оқу орнымен, оның жетістіктерімен, материалдық-техникалық базасымен және ғылыми-педагогикалық әлеуетімен танысты.
Сапар барысында ҚР ҒЖБ министрі БҚИТУ Педагогика және тілдер және менеджмент факультеттерінің бейнестудиясының ашылу салтанатына қатысты, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейде жүргізуді қамтамасыз ету үшін жабдықталған мамандандырылған оқу кабинеттері мен зертханалардың жұмысы көрсетілді. Педагогика және тілдер және менеджмент факультеттерінің бейнестудиясы білім алушылар мен ПОҚ үшін бейне дәрістер, презентациялар, практикалық сабақтар, жаңалықтар, аудио ақпараттар жазуға арналған инновациялық-технологиялық жабдықталған орталық болып табылады. Бейнестудияның технологиясын қолданушы өз бейне сабағын оңай жазып, онлайн курс немесе вебинар өткізе алады. Бейнестудияның бағдарламалық-аппараттық кешені кеңейтілген болмыспен жұмыс істеуге, презентациямен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Жүйе толығымен автоматтандырылған. Онлайн сабақтарды жазу, тікелей эфирлер, конференциялар, вебинарлар мен семинарлар өткізу үшін қажет нәрсенің бәрі бар.
Министр бейне студияның барлық артықшылықтарымен танысып, келу уақыты мен жеке қолтаңбасы бар тіркеу журналына бірінші болып жазба қалдырды.

