2023 жылы 27 сәуірде сағат 14.00-да БҚО ПД жедел-криминалистикалық басқарманың криминалисті, полиция аға лейтенанты Хайырбай Нурбек Нурланович 6В04202 Құқықтану және 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламаларының білім алушыларына «Криминалистикалық тактика» тақырыбында дәріс өткізді.

Криминалистикалық тактика-бұл тергеуді ұйымдастыру, дәлелдемелерді жинауға және зерттеуге, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және сот тергеуі процесінде қылмыстарды жасауға және жасыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізу бойынша ғылыми ережелер мен олардың негізінде әзірленетін ұсыныстар жүйесі. Дәріс соңында білім алушылар тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz