2022 жылдың 25 ақпанында «Атамекен» балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығында қалалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слеті өтті. Аталмыш шара балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слетына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика факультеті Тарих және құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Калменов Мұрат Дабылұлы мен кафедраның аға оқытушысы, магистр Сисекешова Альфия Сансызбайқызы «Өшпес жұлдыздар»номинациясы бойынша қазылық етуге шақырылды. Бұл номинацияда ұлы ойшылдардың, философтардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың шетелдік басқыншылардың шабуылына қарсы ерліктері туралы құжаттар мен жәдігерлерді іздеу, жинақтау бойынша волонтерлік жұмыс, соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне көрсетілген қамқорлық туралы дайындалған мектеп оқушыларының зерттеу жобалары қаралып, бағаланды.

Слет соңында «Атамекен» балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры А.Ш.Курумбаев тарих және құқық кафедрасының профессоры М.Д.Калменов пен аға оқытушы, магистр А.С.Сисекешоваға алғыс хат табыс етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz