2022 жылдың 22 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінің экология және биотехнология кафедрасымен П.А. Столыпин атындағы Ульянов мемлекеттік агарлық университетінің Хирургия, акушерия, фармакология және терапия кафедрасы арасында дөңгелек үстел өтті.

ЖОО әріптестерімен іскерлік әңгіме барысында Білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды: бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ПОҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді ұйымдастыру, ПОҚ біліктілігін арттыру, білім алушыларды кәсіби сертификаттау.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеті мен П.А. Столыпин атындағы УГАУ Ветеринарлық медицина және биотехнология факультеті арасындағы ынтымақтастықты дамытудың Жол картасын екі серіктес ЖОО-ның желілік өзара іс-қимылы шеңберінде әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Осындай маңызды іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ресейлік әріптестерімізге алғыс айтамыз және де одан әрі шығармашылық ынтымақтастыққа үміт артамыз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz