2022 жылдың 28 ақпанында Астрахань мемлекеттік техникалық университеті, Каспий маңы елдерінің мемлекеттік университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығы, “әлеуметтік бастамалардың сараптамалық қоғамдастығы” әлеуметтік қызмет сарапшылары мен мамандары қауымдастығы, “психотерапевтер мен психологтар Одағы” Ұлттық қауымдастығы, “Бүкілресейлік кәсіби психотерапевтік лига”, “Каспий-Еуразия” халықаралық зерттеулер орталығы Астрахань облысының халықаралық байланыстар министрлігінің, мемлекеттік билік органдарының, КЕҰ, БАҚ өкілдерінің қолдауымен ұйымдастырлған «Жастар арасындағы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдағы азаматтық сектордың рөлі: Ресей мен Қазақстанның тәжірибесі» атты Халықаралық сараптамалық кездесуге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің жастар ісі жөніндегі проректоры, экология ғылымдарының магистрі Абекешев Аянбек Иманбайұлы «Жастар ортасына, оның ішінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттеріне деструктивті діни ағымдар идеологиясының әсерін төмендету бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарының жай-күйі» атты баяндамасымен қатысты.
Шараның негізгі мақсаттары:
- Ғылыми және сараптамалық қоғамдастықты терроризм мен экстремизм идеологиясының таралуына, әсіресе жастар арасында, қарсы іс-қимыл бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту.
- Студенттер арасында терроризм мен экстремизм идеологиясына белсенді қарсы тұрудың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
- Жастардың құндылықтарын қалыптастыру арқылы Еуразиялық интеграциялық процестерді нығайту.
