2026 жылғы 27 қазанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің (БҚИТУ) 6В04202 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының барлық академиялық топтарында тұмау және маусымдық инфекциялардың алдын алу, денсаулықты қорғау тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.

            Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға тұмау мен маусымдық жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіру, жеке гигиена талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағыт беру.

            Іс-шараға арнайы маман ретінде медбике шақырылып, ол білім алушыларға тұмау мен маусымдық инфекциялардың таралу жолдары, аурудың негізгі белгілері және оның алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар қолды дұрыс жуу, бөлмелерді жүйелі түрде желдету, тазалық сақтау, дұрыс тамақтану, жеткілікті демалу және ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан пайдалы кеңестер алды. Іс-шара қатысушылардың денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруға және аурулардың алдын алудың маңызын түсінуге ықпал етті.

            Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық. Сондықтан аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және жеке жауапкершілікті арттыру – әрбір білім алушының күнделікті өміріндегі маңызды қағидалар.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz