2026 жылдың 27 қазанында «6В07201 – Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының НД-11 О және НД-12 О топтарының студенттері «Оралмұнайгазгеологиясы» АҚ-на өндірістік экскурсия жасады. Іс-шараны Мұнай-газ инженериясы кафедрасы аға оқытушы А.Б. Акмалиеваның жетекшілігімен ұйымдастырды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, мұнай-газ саласының жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру.

Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынның қызметімен және мұнай-газ саласындағы өндірістік процестердің ерекшеліктерімен танысты. Олар болашақ мамандығы туралы пайдалы мәліметтер алып, кәсіби білімдерін кеңейтті және болашақ қызметі туралы түсініктерін тереңдетті.

Мұндай өндірістік экскурсиялар студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыруға, теория мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz