2025 жылғы 8 мамырда Сәулет және құрылыс кафедрасында 6В07301 – Сәулет, 6В07303 – Жерге орналастыру және кадастр білім беру бағдарламаларының білім алушылары арасында, білім алушылардың ата-әжелері — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған тәрбиелік ашық сабақ өтті. Тәрбиелік сағатта жеке отбасылық әңгімелер арқылы қаһармандық өткенді есте алуға бағытталған. Білім алушылар ұлы отан соғысына қатысқан аталары мен әжелері туралы естеліктерімен бөлісті. Оразбекова Аружан ұлы отан соғысына қатысқан Тулебай Князов атасы туралы жеке отбасылық тарихымен бөлісті. Тулебай Князов Ленинград облысының Паша деген станциясында 15 күн семинарда болған ол жерде маған пулемент атуды үйренген. 15 күндік семинарда Ақтөбе облысы Қобда ауданнаң кейінен Кеңес Одағының батыры атағын алған Әлия Молдағұловада болған.
«Менің атам – Майдангер!» ұрпақтар арасындағы рухани кездесу болды, білім алушылардың ата-әжелерінің ұлы ерлігін есте сақтауға өз үлесін қосты.