2025 жылдың 6 мамырында БҚИТУ, салалық технологиялар институтының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) және «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламаларының білім алушылары «AVENCOM» ЖШС еңбекті қорғау және сапаны бақылау және қоршаған ортаны қорғау техникасы жөніндегі менеджері Дусмагулов Қайрат Қырымгерейұлымен кездесті.
Жетекші маман «AVENCOM» ЖШС ұйымында «Техникалық бақылау бойынша сапаны қамтамасыз ету» тақырыбында дәріс оқыды, онда білім алушыларға сапаның не екенін, неге біздің қауіпсіздігіміз күнделікті өмірде қолданатын өнімнің сапасына байланысты екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Білім алушылар менеджмент жүйесінің қолданыстағы стандарттары туралы, кәсіпорындарда сапаны басқарудың ыңғайлылығы үшін ұйымдастырылған интеграцияланған жүйенің маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Дәріс өте қызықты және өзекті болды және жоғары білікті деңгейде өтті. Білім алушылар сұрақтар қойып, кері байланыс орнатылды, сапа мәселелері бойынша белсенді пікірталас жүргізілді. Дәріскер тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, кәсіби қызметте қолдануға болатын жеке тәжірибеден мысалдар келтірді.
«AVENCOM» ЖШС маманы К.К.Дусмагуловқа ЖОО-ның білім беру процесіне қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!