2025 жылғы 5 мамырда Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің базасында өткен «Естелік шамы» атты халықаралық дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.Іс-шараның мақсаты – ұлтаралық байланысты нығайту, тарихи жадыны сақтау және жастардың патриоттық санасын дамыту.

Іс-шараға әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты, ал Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті атынан Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының өкілдері – аға оқытушы Шатекова Әсел Нұрбулатқызы мен 3-курс студенті Светлаков Александр баяндама жасады.

Шатекова Әсел Нұрбулатқызы өзінің құттықтау сөзінде Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихи шындықты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, ардагерлерге олардың ерлігі үшін терең алғысын білдірді. Сондай-ақ, өзінің атасы – Шатеков Есентай (1914–2001) туралы жеке отбасылық тарихымен бөлісті. Ол соғыс жолын Берлинге дейін жүріп өткен, және өзінің отбасы үшін әрқашан ерліктің, төзімділік пен абыройдың символы болып қала береді.

Светлаков Александр қазақстандық халықтың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндама жасады. Ол Қазақстанның соғыс жылдарындағы сенімді тыл ретінде ерекше рөлін атап өтіп, республикадан шыққан батырлар – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов және басқалардың ерліктері туралы айтты. Сонымен қатар, ол отбасылық жадыны сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, соғысқа қатысқан туыстары туралы оқиғалармен бөлісті.

Баяндамалар тарихи деректерді, батырлардың өмірбаянын, жеке естеліктер мен өткенге құрмет білдіру және қазіргі әлемдегі бейбітшіліктің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған патриоттық үндеулерді қамтыған слайд-презентациямен сүйемелденді.

«Естелік шамы» тек ғылыми-тәжірибелік алаң ғана емес, ұрпақтар арасындағы рухани кездесу болды, онда әр қатысушы халықтың ұлы ерлігін есте сақтауға өз үлесін қосты.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz